15 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің Еңбек ұтқырлығы орталығы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қалалық бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара Жоғары Политехникалық колледж аумағында өтеді және әртүрлі салалардағы: құрылыс, өндіріс, сауда, қаржы, көлік және қойма шаруашылығы бойынша 1168-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынуға дайын 70-тен астам жұмыс берушілер болады.
Өтетін орны: Бейбітшілік көшесі, 39;
Басталуы: сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін;
Байланыс: + 7 708 904 75 72 Аманжол Айтқазин (баспасөз хатшысы).