Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) көрсетудің жаңа тәсілдерін талқылады, — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы азаматтардың шығыстарын ескере отырып, АӘК беру тәсілдерін қайта қарау міндетін қойған болатын. Осыған байланысты, АӘК трансформациясы қажет — цифрлық отбасылық картаны пайдалану және мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар жүйелерімен интеграциялау жүргізу қажет.
Министрліктің әлеуметтік көмек басқармасының басшысы Айнұр Әбдірахманованың айтуынша, қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп АӘК тағайындауға өтініш білдірген қазақстандықтардың негізгі шығындарын есепке алу және тексеру тетігі әзірленуде. Шығындардың: жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу, оқуға және қосымша білім алуға ақы төлеу, демалыс пен ойын-сауыққа, денсаулықты жақсартуға, жиһаз, тұрмыстық техника сатып алуға, несиені өтеуге және т.б.
«Ұсынылған алгоритмде АӘК тағайындауға өтініш білдірген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алу үшін SMS хабарламалар жіберу қарастырылған ақпараттық жүйелерді біріктіру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады», – деді Әбдірахманова.
АӘК тағайындау механизміндегі алдағы өзгерістер шынымен мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан атаулы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Министрліктің мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша 70,2 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмекке 60,5 млрд теңге бөлінді.