Ағымдағы 2024 жылдың 01 тамызындағы жағдай бойынша жастар тәжірибесі бойынша14,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы, 2024 жылы бұл салада 40 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда.
Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістанда – 2,9 мың адам, Жамбылда – 1,6 мың адам, Қызылордада – 1,1 мың адам, облыстар мен Шымкентте – 1,2 мың адамды құрайды.
Жастар тәжірибесіне қатысатын әйелдердің үлесі 63,3% немесе 9,3 мың адам, ауыл тұрғындары 8,6 мың адам немесе 58,1%.
Білім беру ұйымдарының 35 жастан асқан жұмыссыз түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жастар тәжірибесіне қатысушылар бола алады. Жастар тәжірибесіне қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру керек.
Жұмыс беруші жастар тәжірибесіне қатысушыларға кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгер тағайындайды.
Республика бойынша орташа жалақы 109,5 мың теңге, Ақтөбе облысында ең жоғары жалақы 120,9 мың теңге болды.
Жастар тәжірибесін қаржыландыруды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайынғы еңбекақы төлеу арқылы еңбек ұтқырлығы орталығы жүзеге асырады. Төлем жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде қатысушылардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады.
Жастар тәжірибесіне қатысушылар жұмысқа орналасқан ең көп сұранысқа ие мамандықтардың ішінде мыналарды атап өтуге болады: медбике – 1084 адам, заңгер – 767 адам, мұғалім – 558 адам, бастауыш сынып мұғалімі – 541 адам, бағдарламашы – 524 адам.
Жастар тәжірибесіне қатысушы қазақстандықтар мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы туралы оң пікірлерін айтады. Солардың бірі колледжді тәмамдағаннан кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік алған Дана Ахметова болды.
«Биыл Қостанай жоғары медициналық колледжін фельдшер мамандығы бойынша бітірдім. Өз бетімше жұмыс табуға тырысқаннан кейін, көптеген жұмыс берушілер жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарды жұмысқа алғылары келмейтінін түсіндім. Өзіме сәйкес жұмыс табуға көмектесу үшін мансап орталығына жүгіндім. Барлық қажетті ақпаратты алған соң мен жастар тәжірибесіне қатысуды жөн көрдім. Қазір Қостанайдағы теміржол ауруханасында мамандығым бойынша жұмыс істеймін», – деп бөлісті Дана Ахметова.