Now Reading
А. Сарбасов еңбек саласындағы заңнаманы жетілдіру және қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау туралы хабарлады  
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > А. Сарбасов еңбек саласындағы заңнаманы жетілдіру және қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау туралы хабарлады  

А. Сарбасов еңбек саласындағы заңнаманы жетілдіру және қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау туралы хабарлады  

А. Сарбасов еңбек саласындағы заңнаманы жетілдіру және қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау туралы хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек саласындағы заңнаманы жетілдіру, қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мен өндірістік жарақаттануды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Сөз басында Ақмәди Сарбасов 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін адамдар үшін арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) енгізілгенін еске салды.
«Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша шараларды енгізу жұмысы
Мемлекет басшысы қойған міндетті орындау мақсатында жүргізілді.
Осылайша, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар
55 жасқа толғанда және олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) төленген кезде арнаулы әлеуметтік төлем алуға құқылы», – деп атап өтті бірінші вице-министр.
АӘТ бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және 4 қаржыландыру көзінен жүзеге асырылады: арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы; зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі; жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.
Бұдан басқа, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істемейтін азаматтар үшін 55 жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төленген кезде АӘТ-ны екі қаржыландыру көзінен алу мүмкіндігі де көзделген: арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы және БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.
«Осы жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша екі қаржыландыру көзінен төлем тағайындауға 2 960 өтініш беруші, төрт қаржыландыру көзінен – 8 051 өтініш беруші жүгініп, 1 млрд 655,1 млн теңге сомасына 9 145 алушыға төлем жүргізілді» – деп хабарлады Ақмәди Сарбасов.
Бірінші вице-министр сондай-ақ платформалық жұмыспен қамтылған адамдар үшін әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік қорғау шараларын ұсынудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Әлеуметтік кодекске, Салық кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға бірқатар түзетулер енгізілді, оның шеңберінде интернет-платформалардың операторларын салық агенттері деп таныды, ал платформалық жұмыспен қамтылғандарға бір мезгілде екі салық режимін қолдану құқығы берілді.
«Интернет-платформа операторлары үшін дара кәсіпкерлер болып табылатын және арнайы салық режимін қолданатын платформалық қызметкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мөлшерлемелерінің көлемі 1% — ға дейін төмендетілді.
Өз кезегінде азаматтар онлайн режимде интернет-платформа операторлары төлейтін төлемдердің дұрыстығы мен уақтылығын бақылай алады», – деді Ақмәди Сарбасов.
Ол сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекциясы функциясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Еңбекмині) берілгені туралы хабарлады.
«Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органға беру мәселесі бірнеше рет көтерілді. 2024 жылдың шілде айында еңбек қатынастары бойынша мемлекеттік бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдардан Еңбекминіне берілді», – деп атап өтті.
Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті және оның аумақтық департаменттері құрылды. Қызметкерлердің жалпы саны 322 штаттық бірлікті құрайды. Бұл ретте еңбек инспекторларының саны 45 бірлікке артады.
«Биылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Нәтижесінде мемлекеттік бақылаудың сатылы жүйесі құрылады, бұл еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді» –деді Сарбасов.
Бірінші вице-министр жыл басынан бері еңбек инспекторлары жұмыскерлердің құқықтарының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейткенін хабарлады.
«Жұмыс берушілерді тексеру және анықталған бұзушылықтар саны 8%-ға артты. Еңбек заңнамасын бұзған жұмыс берушілерге 2,9 мыңнан астам әкімшілік айыппұл салынды. Жұмыс берушілер тарапынан негізгі бұзушылықтар еңбек шарттарын жасаспау, заңсыз жұмыстан шығару, жалақыны уақтылы төлемеу бөлігінде жұмыскерлердің құқықтарын бұзу болып табылады», – деді ол.
Ақмәди Сарбасов жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 259 кәсіпорында 15 мыңға жуық жұмыскердің алдында 3,3 млрд теңге сомасында жалақы бойынша берешекті анықтағанын хабарлады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды, оларға 2,6 млрд теңге төленді.
Ол сондай-ақ Кәсіпорындардың профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру процесін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін айтты. Бұл еңбек заңнамасын бұзатын жұмыс берушілерді автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте заңнаманы бұзбайтын адал жұмыс берушілер қайта тексеру іс-шараларына ұшырамайды.
«Еңбек тәуекелдерінің алдын алу үшін кәсіпорындардың цифрлық картасы әзірленді. Осы жылы оның шеңберінде Еңбек тәуекелдерінің картасы енгізілді, ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша кәсіпорындардағы қаржылық, еңбек және әлеуметтік тәуекелдер жөніндегі жағдайды талдауға, сондай-ақ әрбір кәсіпорынның жиынтық тәуекел дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін. Бүгінгі таңда бұл жүйемен 13 мыңнан астам ірі және орта кәсіпорындар қамтылған.
Осы модельді енгізудің нәтижесінде тәуекел деңгейі жоғары, орташа және төмен кәсіпорындар айқындалды. Бүгінгі күні тәуекелі жоғары 363 кәсіпорын анықталды. Аталған кәсіпорындарда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп олардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді бірінші вице-министр.
Сондай-ақ, Ақмәди Сарбасов жұмыскерлердің құқықтарын сақтау мәселелерінде жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы ұжымдық-шарттық қатынастарға баса назар аударылатынын атап өтті, өйткені олардың негізгі мақсаты – жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарына кепілдік. Қазіргі уақытта республиканың ірі және орта кәсіпорындарында ұжымдық шарттардың болуы 97 %-ға жетті.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×