Now Reading
Қазақстан параспортшылары Парижге аттанды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан параспортшылары Парижге аттанды

Қазақстан параспортшылары Парижге аттанды

XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын паралимпиадашылардың алғашқы легі Парижге аттанды. Делегация құрамында отырып ойнайтын волейбол, пара-үстел теннисі және пара-жүзу бойынша ұлттық құрамалардың атынан шыққан спортшылар болды.

 

Айта кетейік, отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрама 28 жылда алғаш рет Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды. Сонымен қатар, пара-үстел теннисіне берілген лицензия спорттың осы түрінен ел тарихында тұңғыш рет тіркелді.

 

Пара жүзуден ұлттық құрама сапында Лондон-2012 Паралимпиада ойындарының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио-2020 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали, сондай-ақ халықаралық жарыстардың жеңімпаздары Сиязбек Далиев, Әмір Мұратбеков сынды танымал спортшылар бар.

 

Жалпы, Париж-2024 Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. Ойындар 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

 

Хабарланғандай, Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерімен кездесті. Ол еліміздің ұлттық олимпиадалық құрамасына спортшылар ойындардың ашылу салтанаты кезінде салтанатты түрде алып жүретін Қазақстанның Мемлекеттік Туын табыс етті.

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитетінің вице-президенті Бақыт Сапаров ұлттық паралимпиада құрамасының мүшелерін дайындау барысы туралы айтты.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×