Now Reading
Жамбыл паралимпиадашылары Париждегі ойындарға дайындалуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жамбыл паралимпиадашылары Париждегі ойындарға дайындалуда

Жамбыл паралимпиадашылары Париждегі ойындарға дайындалуда

Жамбыл паралимпиадашылары Париждегі ойындарға дайындалуда

28 тамызда Парижде басталатын Паралимпиадаға қатысу үшін төрт лицензияны Жамбыл облысының пара-спортшылары жеңіп алды.

Әзірге Қазақстан құрамасының мүшелері дайындықты жалғастыруда. Оның үшеуі қазір оқу-жаттығу жиынында болса, паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы Нышан Өмірәлі туған жерінде жаттығып келеді.

Қазақстандықтар Паралимпиада ойындарына спорттың 9 түрінен 33 лицензия алды. Олардың қатарында төрт жамбылдық – екі Паралимпиада ойындарының жүлдегері – жүзушілер Зульфия Ғабидуллина мен Нұрдәулет Жұмағали, жеңіл атлет Салтанат Әбілқасымқызы және пара-таэквондошы Нышан Өмірәлі бар. Бапкерлер штабы оған үлкен үміт артып отыр.

Нышан Өмірәлі, паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы:

— Париж Олимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткіземін деп үміттенемін. Қатты дайындалып жатырмыз. Онда мықтылар бақ сынасады, алда қиын жекпе-жек болады. Рингте кездескен қарсыластарым бар, сондықтан олардың тактикасын ескере отырып әдістерді қолданамын.

Нышан Өмірәлі 12 жасынан бастап спортпен айналысады. 20 жыл ішінде ол елдегі ең атақты спортшылардың бірі болды: Азия чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы. Токиода өткен Паралимпиадаға қатысты. Ол паратаэквондо спортшыларының әлемдік рейтингінде 6-шы орында. Спортшы Тараз қаласындағы арнайы спорт клубында жаттығады. Бұл кешеннің ашылуымен мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа деген қызығушылығы айтарлықтай артты. Алғашында клубта небәрі 88 адам болса, қазір олардың саны 4-5 есеге артқан. Спорт клубы басшысының орынбасары Нұрлан Жолшыбеков өз шәкірттерінің жетістіктерімен мақтанышпен бөліседі.

Нұрлан Жолшыбеков, мүмкіндігі шектеулі жандар спорт клубы басшысының орынбасары:

– Біздің клуб мүшелері республикалық және халықаралық жарыстарда 240 медаль жеңіп алды. Параспортшыларға спорттық жетістіктеріне қарай ай сайынғы еңбекақы төленеді. Олардың жеңіске деген құлшынысы мен жетістіктері жастарды спортпен айналысуға ынталандырады. Тәжірибелі спортшылар Парижге барады, сондықтан біз олардың жетістігіне сенеміз.

Параспорт клубы бір жыл бұрын ашылған. Мұнда 16 секция жұмыс істейді. 153 спортшы ел құрамасына қатысады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×