Now Reading
Астанада Нұра ауданының әкімі тағайындалды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада Нұра ауданының әкімі тағайындалды

Астанада Нұра ауданының әкімі тағайындалды

Астанада Нұра ауданының әкімі тағайындалды

Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Нұра ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға 44 жастағы Ришат Тұрдыбеков кірісті.

Ол еңбек жолын 2001 жылдан бастап «Автолизинг Қазақстан» ЖШС (Алматы қаласы) компаниясында бастаған. 2005 жылдан бастап Астана қаласының Алматы ауданы әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің, абаттандыру бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2011 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Елордадағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін де атқарған.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап елорданың Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...