2024 жылғы Паралимпиада: Қазақстан құрамасының басты үміті
Қазақстандық паралимпиадашылар Парижде 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтетін Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысады. Бұған дейін спортшыларымыз ел қоржынына медаль әкелген болатын.
Жазғы Паралимпиада ойындарындағы жетістіктер
1996 жылдан бері Қазақстандық спортшылар жазғы Паралимпиада ойындарында суда жүзу, парапауэрлифтинг және парадзюдо сияқты спорт түрлерінен 7 медаль (2 алтын, 4 күміс және 1 қола) жеңіп алды.
2016 жылы Риода жүзуден Зүлфия Ғабидуллина алтын алса, Раушан Қойшыбаева парапауэрлифтингтен күміс алды.
2020 жылы Токиода Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жеңіп алды. Токио алтынын елге парапауэрлифтингтен Давид Дегтярев әкелсе, үш күмісті парадзюдошылар Дәулет Теміржан, Зарина Байбатина және Әнуар Сариев, ал парадажүзуден қоланы Нұрдәулет Жұмағали жеңіп алды. Осылайша Токиодағы Паралимпиада ойындарының медальдық есепте Қазақстан 5 медаль жеңіп алып, 51-орынға тұрақтады.
Қазақстандық паралимпиадашылар Парижде
2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында паражүзу, парапауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, каноэде есу, паратаэквондо, отырып онайтын волейбол, пара ату, үстел теннисі, парадзюдо сынды 9 спорт түрінен 44 спортшы бақ сынамақ.
Сонымен қатар Париждегі жарысқа Паралимпиада ойындарының чемпиондары Зульфия Ғабидуллина мен Давид Дегтярев, Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері Раушан Қойшыбаева (күміс) пен Нұрдәулет Жұмағали (қола) қатысады.
Ең көп лицензияны парадзюдошылар жеңіп алды – 10 адам.
Қазақстан құрамасының үміті
Белгілі спорт журналисті Дмитрий Нестеренко Қазақстан биыл рекордтық лицензия жеңіп алғанын атап өтті.
Сәйкесінше «Мен медальдар саны көп болады деп үміттенгім келеді», — деді ол.
«1998 жылдан бері алғаш рет лицензия алған біздің параволейбол командамызды тамашалау өте қызықты болады», — деп қосты Нестеренко.
Журналисттің айтуынша Зүлфия Ғабидуллина мен Нышан Өмірәлінің, сондай-ақ парадзюдо құрамасының өкілдерінің жүлдеге мүмкіндіктері бар.
«Егер медальға деген үміт туралы айтатын болсақ, бұл, әрине, біздің су ханшайымы — Зульфия Ғабидуллина. Жасына қарамастан, ол екінші паралимпиада алтынын алуды мақсат етіп отыр. Әрине, парадзюдо мен паратаэквандодан да медаль күтеміз. Сол Нышан Өмірәлі екі дүркін әлем чемпионы, бұл да Парижде алтыннан үміттенуге мүмкіндік береді», — деді ол.
Сонымен қатар Нестеренко Севда Алиеваның парабиден жылдам ауысып пара атудғы жетістіктері медаль алуға үміт сыйлайтынын атап өтті.
«Мен Севда Алиеваның пара атудан медаль алатынына сенгім келеді. Ол пара-биден жақында ғана ауысты, бірақ чемпионның рухы оған Паралимпиадаға өте жылдам жолдама алуға мүмкіндік берді», — деді ол.
Ол сонымен қатар Давид Дегтяревтің де жетістігіне үміттенетінін айтып, Әли Мұхулбеков өнер көрсететін пара-атлетика мен пара-үстел теннисінен лицензиялардың бар екенін айтты.
Делегациялар мен әйел қатысушылардың рекордтық саны
2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына делегациялар мен әйелдердің рекордтық саны қатысады, деп хабарлады Халықаралық Паралимпиада комитеті (IPC). Командалардың үздіксіз келуіне байланысты соңғы сандар әлі анықталуда, рекордтық 168 делегациядан шамамен 4400 спортшы келеді деп күтілуде.
Делегациялар саны Лондон-2012 және Токио-2020 Паралимпиада ойындарында орнатылған бұрынғы рекордтық 164-тен асып түседі. Паралимпиада ойындарына қатысушылардың алдыңғы рекорды Токио ойындарында 4393 спортшы болды.
1983 әйел спортшы спорттың 22 түрінен 549 медаль үшін сайысқа түседі.
Қазақстан атынан қатысатын 44 спортшы бар, бұл да рекордтық көрсеткіш.
2024 жылғы Паралимпиадаға бес ірі делегация
2004 жылы Афиныдан бері әрбір Паралимпиада ойындарында медальдар саны бойынша көш бастап келе жатқан Қытайда 282 спортшыдан тұратын ең көп делегация бар.
Бразилия 255 спортшымен екінші үлкен делегацияға ие болса, қабылдаушы ел Франция 237 спортшымен қатысады.
АҚШ-ты 220 спортшы, Ұлыбританиядан 201 спортшы қатысады.
Бұған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов екі ту ұстаушыға – Азия Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетовке (отырып ойнайтын волейбол) және Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Әлиеваға (пара оқ ату) мемлекеттік туды табыс еткен болатын.
Сондай-ақ XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық паралимпиадашылардың алғашқы легі Парижге аттанды.
Бүгін 28 тамызда Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді.
Жарыстың өтетін күндері:
— 29, 30, 31 тамыз — паратаэквондо;
— 29, 31 тамыз, 2, 5, 6 қыркүйек — отырып ойнайтын волейбол;
— 30, 31 тамыз, 4, 5 қыркүйек — пара жеңіл атлетика;
— 31 тамыз, 1, 4 қыркүйек — пара оқ ату
— 1, 3, 4, 5, 6 қыркүйек — пара жүзу
— 1, 2, 4, 6, 7 қыркүйек — пара үстел теннисі
— 5, 7 қыркүйек — пара пауэрлифтинг