Now Reading
Жеңісті Отаныма және отбасыма арнаймын – Еркін Ғаббасов
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жеңісті Отаныма және отбасыма арнаймын – Еркін Ғаббасов

Жеңісті Отаныма және отбасыма арнаймын – Еркін Ғаббасов

Жеңісті Отаныма және отбасыма арнаймын – Еркін Ғаббасов

Бүгін Астана халықаралық әуежайында пара оқ атудан Қазақстан құрамасына алғашқы медаль әкелген XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Еркін Ғаббасовты қарсы алдық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол пневматикалық мылтық атудан 10 метр қашықтықта тұрып, екінші үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстандық қазіргі әлем рекордының иегері оңтүстіккореялық Пак Джинходан ғана ұтылды.

Әуежайда оны отбасы, достары, әріптестері, спорт ұйымдарының өкілдері мен жанкүйерлер күтіп алды.

«Қарсыластардың барлығы өте танымал, мен осындай спортшылардың арасында жарысқанымды мақтан тұтамын. Қатты уайымдадым. Алтын алған Пак Джинхо әлем рекордшысы, қателеспесем, Олимпиадаға 3-4 рет қатысқан. Қарсыластар мықты болды», — деп спортшы өз әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ ол осы уақыт ішінде өзіне көрсетілген қолдау туралы айтты.

— Анам, әйелім, балаларым мені үнемі қолдайды. Әйелім әрқашан менімен бірге жүреді, бұл жолы да ол жанымда болды. Сонымен қатар, мен тек отбасымнан ғана емес, достарымнан, әріптестерімнен, спорт қауымдастықтарынан және жанкүйерлерден де үлкен қолдауды сезіндім. Сондықтан жеңісті Отаныма, отбасыма арнаймын», – деп қосты Еркін Ғаббасов.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×