Now Reading
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың штатында кәсіптік біліктілігін растаған мамандары болуы тиіс
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың штатында кәсіптік біліктілігін растаған мамандары болуы тиіс

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың штатында кәсіптік біліктілігін растаған мамандары болуы тиіс

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың штатында кәсіптік біліктілігін растаған мамандары болуы тиіс

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ведомство басшысының бұйрығының (бұдан әрі – жоба) жобасын дайындады. Құжат 2024 жылғы 23 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты тиісті ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Осыған байланысты халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге лицензия беру кезінде ұйым қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін тану туралы құжаттың міндетті түрде болуы көзделеді.

Бұл жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Құжатпен толығырақ «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15196400 сілтемесі бойынша танысуға болады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...