Қызылорда облысының жеті мыңнан астам тұрғыны тегін дәрі-дәрмек алмаған
Қызылорда облысының прокуратурасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында облыстың жеті мыңнан астам тұрғынының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегенін анықтады,
Ведомствоның хабарлауынша, Қызылорда қаласындағы емханаларда балалардың жасы ескерілмей, кәмелетке толмағандарға мыңнан астам дәрі-дәрмек негізсіз жазылған.
«Сонымен қатар 68 бірлік медициналық дәрі-дәрмек сақтау ережелерін бұзып, 170 адам жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Облыста 19 қызметкер заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысқан», — делінген хабарламада.
Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 93 тұлға жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді.
0