6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Астаналықтар өздерінің сайлау учаскесі қайда екені туралы бірнеше ақпарат көздері арқылы ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының әкімдігі өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді. Мұны келесі жолдармен жасауға болады:
— Ресми веб-қызметте: https://referendum.astana.kz/;
— Telegram-дағы чат боты арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot;
— iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны арқылы.