Маңғыстау облысының прокуратурасымен инватакси қызметтерін көрсету саласында бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, мұқтаж адамдарға инватакси сағат 09.00-ден 18.30-ға дейінгі уақыт кезеңінде берілді, бұл заң талаптарына сәйкес келмеді.
Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына және Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына сәйкес инватакси қызметін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар тек қана мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырады.
Алайда уәкілетті орган талап етілетін рәсімдерді орындамай, КММ-ге бұл міндеттерді негізсіз жүктеген.
Прокуратура актісі бойынша инватаксидің жұмыс кестесі сәйкес келтірілген. Қызметтер тәулік бойы, оның ішінде демалыс және мереке күндері қолжетімді болды, осылайша ерекше қажеттіліктері бар 3 мыңнан астам адамның құқықтары қорғалды.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың санаттарын кеңейту, сондай-ақ инватакси қызметін көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау жоспарлануда.
Бұзушылықтар үшін облыстық әкімдік пен аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар инватакси санын көбейтуді және мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдайды жақсарту шараларын қолға алуда.