Now Reading
Ақтөбедегі қайғылы оқиға: анасы баласының ойын алаңында қайтыс болғанын айтты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбедегі қайғылы оқиға: анасы баласының ойын алаңында қайтыс болғанын айтты

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: анасы баласының ойын алаңында қайтыс болғанын айтты

Ақтөбеде әткеншек теуіп жатып қайғылы қазаға ұшыраған баланың анасы баласы жарақат алған сәтте қалай дәрменсіз қалғанын айтты.

18 қыркүйекте Есет-Батыр тұрғын алабында оқыс оқиға болды. Бала әткеншекте теуіп жатып құлап қалған. Құлағаннан алған жарақаттар салдары өліммен аяқталды.

Тоғыз жасар Абат Русланның анасы Әлия Сағындықова мүгедектік арбасына таңылған. Не болғанын естіген анасы үйдің кіреберісінен шыға алмаған, өйткені олардың тоғыз қабатты ғимаратында пандустың есігі құлыптаулы болған.

«Үйде пандустар жоқ, мен арбамен өзім түсе алмаймын», — дейді көзіне жас алған марқұм оқушының анасы.

Отбасында Абат екі ұлдың үлкені болған. Ол төртінші сыныпта оқитын. Бірнеше күн бұрын ғана оның кезекті спорттық жеңісіне ата-анасы қуанған болатын. Абат каратэден екінші орын алған.

Әйелдің айтуынша, бір күн бұрын ұлы көрші аулада серуендеуге кеткен. Кейінірек оған баланың ойын алаңында жарақат алғаны хабарланды.

«Ол сол жерде балалармен ойнап жүрген. Ол әткеншекке отырды, оның артында тағы бір бала қатты тебе бастады. Абат одан әткеншекті тоқтатуды өтінген, бірақ ол оны тыңдамаған. Нәтижесінде ұлының үстіне әткеншек құлап кеткен. Оның қасында велосипеді жатқан, олар маған болған жайттуралы айтқан кезде, мен сыртқа шыға алмадым», — дейді Әлия Сағындықова.

Абаттың әткеншектен құлаған сәті сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған.

Қайғылы оқиға болған кезде Абаттың әкесі кенже ұлымен бірге ауруханада жатқан. Жантүршігерлік хабар жеткенде, баланы алып, үйіне қарай жүгірген.

«Жедел жәрдем мені күтіп тұрды. Менің баламның өліміне кінәлілер жауап беруін тілеймін», — дейді Руслан Адбырахманов.

Жантүршігерлік қайғылы оқиға болған ауланың өзінде бүгінде оны еске түсіретін ештеңе жоқ. Балалар ойын алаңында ойнауды жалғастырып, тіпті апатты бір-біріне айтып қойып жүр.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×