Зиянды жағдайда ұзақ уақыт жұмыс істеген 11126 азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Қабылдауға барлығы 11 816 адам өтініш білдірген.
Арнаулы әлеуметтік төлемге екі көзден (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3034 адам өтініш білдіріп, оның ішінде 2921 алушы тағайындалды.
Төрт көзден (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 8 292 адам өтініш білдірген, оның ішінде 8 205 алушы тағайындалған.
Сондай-ақ 450 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, тағы 80 азамат смс хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамау себебінен 160 үміткерге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.
Аймақтар бойынша арнайы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағандыда (екі көзден – 524 адам, төрт көзден – 1517 адам), Қостанайда (екі көзден – 331 адам, төрт көзден – 1024 адам) және Шығыс Қазақстан (екі көзден – 271 адам, төрт көзден – 1024 адам) облыстары тіркелген.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
АӘТ тағайындаудың міндетті шарттары:
— 55 жасқа дейін;
— Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеті жылдан кем емес кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы.
Төлемдер зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнайы әлеуметтік төлемдерді алу үшін зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстан шығу қажет. Жұмысшылар жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен жәрдемақы алады немесе зейнетақы тағайындалғанға дейін демалысқа шығып, арнайы әлеуметтік төлем алады.
АӘТ тағайындаудың міндетті шарттарын ескере отырып, БЖЗҚ мәліметі бойынша оған биыл 37 мыңнан астам қызметкер өтініш бере алады, жалпы орташа төлем 208 мың теңгеден асады. Әрбір қызметкерге төленетін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинаққа байланысты болады.
Әлеуметтік кодекске сәйкес кәсіптері мен қызметі 2,3 мыңнан астам тармақты құрайтын еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстармен айналысатын өндірістердің, жұмыстардың, жұмысшылардың кәсіптерінің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлейді. Осылайша, арнайы әлеуметтік төлем экономиканың 17 саласында, соның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде және басқа да салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтарға тиесілі.