Төрт адамнан тұратын отбасы 44 шаршы метрлік пәтерде тұрады.
Павлодар облысының тұрғыны күйеуінің пәтері анықталуына байланысты тұрғын үй кезегінен шығарылды. Бірақ ол пәтерде тұруға жағдай жоқ, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Әйел 2006 жылдан бері кезекте тұрған, содан бері оның жеке баспанасы бар-жоғын қайта-қайта тексерген. 2024 жылы комиссия күйеуінің пәтері бар екенін анықтап, әйелді кезектен шығарып тастаған.
«Тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығарып, кезекке тұру туралы шешімді заңсыз деп тану туралы сотқа арызданған. Талап арызында ол пәтердің иесі емес екенін көрсеткен. Оған ешқандай жағдай жасалмаған. Пәтерде орталықтандырылған жылу және кәріз жүйесі орнатылмаған, жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бірақ бірінші сатыдағы сот шағымды қанағаттандырудан бас тартты», — деді Жоғарғы сот.
Істі қарап шыққан апелляциялық комиссия төрт адамнан тұратын отбасы үшін ауданы небәрі 44 шаршы метр екі бөлмелі пәтердің шағын екенін атап өтті. Сонымен бірге сонау 2011 жылы құзырлы органдар тұрғын үйдің тұрмыстық жағдайға сай еместігін анықтаған.
Сот әйелдің талап арызын толық қанағаттандырды.