Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады
«Қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілген Астана қаласында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес елордада жылу беру маусымы сыртқы ауа температурасының тұрақты орташа тәуліктік температурасы бес күн бойына +10 және одан төмен болған жағдайда басталады. Алайда әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтініштері бойынша жылу беру маусымы басталғанға дейін жүргізілуде», — делінген дүйсенбі күні таратқан хабарламада.
Қазірдің өзінде 139 әлеуметтік нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды, оның ішінде мектептер, балабақшалар мен емханалар бар.