Астанада жаңа тіркеу ережелерін енгізу жоспарлануда
Ережені әзірлеушілердің пікірінше, өзгерістер бір тұрғын үйдегі адамдарды жаппай жалған тіркеу мәселесін шешуі керек. Әсіресе елдің мегаполистерінде мәселе өткір болып тұр. Бір ғана елордада жыл басынан бері осындай 45 факті тіркелген.
Елордалық тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінің иесі үй иесі ретінде мыңға жуық адамды тіркеген. Олардың арасында елде заңсыз жүрген шетелдіктер де болды.
Елордалық прокуратураның мәліметінше, «қонақжай» астаналық бұл үшін белгілі бір ақы алған. Прокурорлар бұл фактіні тексеру барысында анықтады. Меншік иелері заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды.
«Негізі екі баласы бар бір отбасы тұратын. Пәтердің ауданы 35 шаршы метр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сот үкімімен пәтер иесіне 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Мотив негізінен баю, яғни пәтер иесінің азаматтарды пәтерге тіркеу арқылы ақша алуы», — дейді прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Әлихан Құсниденов.
Ал қазір елімізде мұндай «кәсіппен» айналысатындар көп. Елорданың өзінде жыл басынан бері жалған тіркеуге тұрған 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Әлеуметтік желілер «тез және сенімді» тіркеуді ұсынатын жарнамаларға толы. Мұндай қызметтердің бағасы 5 мың теңгеден басталады.
Заңгер Аржан Сәдуақасовтың айтуынша, ондай «өлшемсіз» пәтерлердің иелері заңды бұзып қана қоймай, ауыр келеңсіз салдарға да себепкер болуда.
«Бұл, біріншіден, ішкі көші-қон проблемалары, сондай-ақ инфрақұрылымға әлеуметтік жүктемені анықтау, яғни, мысалы, мектептер, балабақшалар, ауруханалар салу үшін жергілікті атқарушы органдарға ауданда тұратын азаматтардың саны қажет. Егер кейбір аумақтар толып кетсе, бірақ ол жерде адамдар аз болса, онда жергілікті атқарушы орган жүктемені анықтай алмау мәселесінде қазірдің өзінде қиындықтарға тап болды», — деді заңгер Аржан Сәдуақасов.
Сондықтан бір баспанаға тіркелген адам санына шектеу қою керек дейді заңгер. Бұл шара жаңа ережелерде қарастырылған. Құқық қалалық мәслихатқа берілуі керек.
Қазіргі уақытта халық ірі қалаларда тұруға ұмтылады, бұл «өлшемсіз» пәтерлердің пайда болуына әкеледі. Сондай-ақ заң жобасында нақты тұрғылықты жерде тұрмайтын адамдарға тіркелгені үшін айыппұлды екі еселеу ұсынылады. Енді жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 10 АЕК, яғни 36 мың теңге шамасында.