ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан халқына жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын түсіндіріп берді.
Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметінің ережелеріне түзетулер енгізуді көздейтін жобада тұрғындарға тәулік бойы көрсетілетін жедел жәрдем қызметін шектеу туралы ереже жоқ.
— Айта кетейін, халыққа жедел жәрдем тәулік бойы 103 нөмірі бойынша қолжетімді болып қала береді. Өзгерістер қоңырауларға қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында емханаларда құрылған бригадаларға қатысты. Мобильді топтардың санын көбейту туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, балаларға медициналық көмек қажет болған жағдайда, шығу педиатрдың, ал ересек тұрғындарға — бейінді мамандардың қатысуымен жүзеге асырылады»,- деді Ақмарал Әлназарова.
Сондай-ақ ол бұған дейін бір МСАК 35 мың адамға қызмет көрсеткенін, жаңа ереже бойынша 25 мың мобильді бригаданың жұмысы емхана ұйымдарының жұмыс уақытымен үндестірілетінін түсіндірді. Сағат 20.00-ден кейін және демалыс күндері қоңырауларды жедел жәрдем бригадалары қабылдайды. Бұл норма жедел жәрдем қызметтерін ұзақ күтуді азайтуға көмектеседі, ал тұрғындардың 103 телефоны арқылы жедел жәрдем шақыруына еш кедергі болмайды.
Еске салайық, бұған дейін «Жедел медициналық көмек, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа енгізілген өзгерістерді «Ашық НҚА» сайтында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған болатын. Қазақстан.
Бұған дейін елімізде жедел жәрдем көлігінің қолжетімділігі 99,8 пайызды құраса, көліктердің тозу деңгейі 47,3 пайызды құрайтыны белгілі болды.