Алаяқтар есту және сөйлеу қабілеті бұзылған қарағандылық тұрғынға несие алдырмақ болған. Полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алды.
Қарағанды қаласының тұрғыны 28 жастағы Ерлан есту қабілетінің нашарлығына байланысты үшінші топтағы мүгедектігі бар. Ұзақ уақыт бойы ол көлік сатып алуды жоспарлады. Сегіз жыл бұрын ер адам тіпті жүргізуші куәлігін де алған.
Ерлан несие алу үшін банктерге бірнеше рет жүгінген, бірақ ай сайынғы төлемді кешіктіріп, несие тарихын құртқандықтан, оған несие алуда бас тартылды.
Ерлан сыртқы әлеммен негізінен әлеуметтік желі арқылы байланысады. Бір күні оның қызығушылығын тудырған жарнамаға тап болды — автор несие тарихының бұзылғанына қарамастан, несие алуға көмектесуді ұсынды.
Ерлан бірден хабарласып, көлік алу үшін 3 миллион теңге несие қажет екенін түсіндірді. Белгісіз тұлға өзін Қарағандыдағы банктердің бірінің менеджері ретінде таныстырып, мәселесін оңай шешетініне сендірді.
Алдымен, қажетті құжаттарды жинауды бастау үшін Ерланнан жарнамада көрсетілген есепшотқа терминал арқылы 37 мың теңге салуды сұраған. Осыдан кейін ол көрсетілген мекенжай бойынша банктердің біріне келуі керек болды, онда менеджер онымен хабарласады. Бірақ Ерлан басқаша әрекет етті. Ол белгісіз біреуге ақша жіберудің орнына, көрсетілген қаржы мекемесіне барған.
Интернет-алаяқтардың Ерланды алдамақ болғанын түсінген банк қызметкерлері киберполиция қызметкерлерін шақырған. Полиция ер адамдаммен алаяқтар байланысқанына сендірді және оған енді олармен араласпауға кеңес берді. Сондықтан Ерланның сақтығы оны қаржылық шығыннан құтқарды.