Талдықорғанда балабақшалардың бірінде қызметкер баланың басынан ұрған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Кадрда әйелдің үстел басында отырған балаларға қалай жақындап, сосын олардың біреуінің басынан ұрғаны көрінеді. Болжам бойынша, бұл 2024 жылдың 26 қыркүйегінде таңертең болған.
«Оқиғаны Талдықорған қалалық ІІБ бақылауға алды», — деп хабарлады Жетісу облысы бойынша қадағалау департаменті.
Облыстық полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.
Бұл Жетісу өңіріндегі балабақшалардағы бірінші оқиға емес. 2024 жылдың 16 мамырында Головацкое ауылында баланы ұрып-соғып жатқан видеоға түскен екі мұғалімнің жұмыстан босатылғаны белгілі болды.