Now Reading
Денсаулық сақтау министрлігі мен Halyk медициналық қызметтерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Денсаулық сақтау министрлігі мен Halyk медициналық қызметтерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Денсаулық сақтау министрлігі мен Halyk медициналық қызметтерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Денсаулық сақтау министрлігі мен Halyk медициналық қызметтерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Halyk медициналық инфрақұрылымды жақсартуға және халықтың медициналық көмек алуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін бірлескен инновациялық жобалар туралы келісті. Бұл үшін банктің цифрлық технологиялары белсенді пайдаланылатын болады деп жоспарлануда. Тиісті меморандумға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова қол қойды.

Құжатта денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу бағдарламаларын қолдауға және Қазақстанның барлық азаматтарына, соның ішінде шалғай аймақтарға медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

«Halyk Bank-пен ынтымақтастық денсаулық сақтау жүйесіне озық технологияларды енгізуге және сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді. Біз еліміздің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуда шешуші рөл атқаратын ірі қаржы институттарымен әріптестікте зор әлеуетті көріп отырмыз», — деді министр Ақмарал Әлназарова.

Өз кезегінде Halyk басшысы Үміт Шаяхметова Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыс заманауи технологияларды енгізуге және ұлт денсаулығын қолдаудың жаңа бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Біз медициналық мекемелердің жабдықтарын жаңғыртуға белсенді қатысуға, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдауға дайынбыз. Сонымен қатар, заманауи технологияларды енгізу денсаулық сақтау жүйесіне деген ашықтық пен сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау министрлігімен әріптестігіміз халықтың заманауи талаптары мен қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді, қолжетімді және жоғары сапалы жүйені құру үшін негіз болады деп үміттенеміз», — деп атап өтті Үміт Шаяхметова.

Бұл ынтымақтастық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтуге және Қазақстандағы медицина мен денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуына жәрдемдесуге маңызды қадам болады деп болжануда.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×