Now Reading
Астанада «Таза бейсенбі» экоакциясы өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада «Таза бейсенбі» экоакциясы өтті

Астанада «Таза бейсенбі» экоакциясы өтті

Астананың Алматы ауданында «Таза бейсенбі» экоакциясы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Аудандық әкімдік пен «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған экоакцияға 30-дан астам адам қатысты. Акция «Отан Ана» монументінің жанындағы саябақта өтті. Мұнда біз күз мезгілінде түскен жапырақтарды жинадық», — деді Алматы ауданы әкімдігінің Өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Нұрберген Нұрмұхамбет.

Экоакцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті арттыру және табиғатты таза ұстау мәдениетін қалыптастыру.

«Бүгін Астанамыздағы саябақтардың бірін күзгі жапырақтардан тазалау жұмысына атсалыстым. Қала да, табиғат та, ауа да барлық адамға ортақ қазына. Сондықтан айналамызды таза ұстаған жөн», — деді акцияға қатысушы, «Жастар рухы» жастар қанатының елордалық филиалының мүшесі Тұрабек Алханов.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...