2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 73,4 мың отбасындағы 389,1 мың адамға тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 55,9 млрд теңге бөлінді.
Басқарма АӘК-тің негізгі мақсаты ақшалай төлемдер түрінде қолдау көрсету және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің белсенді шараларын тарту арқылы отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару болып табылатынын еске салды.
«АӘК мыналарды көздейді:
табысы облыстық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын азаматтарға тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек тағайындау;
1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасы балаларына әр балаға 1,5 АЕК (5538 теңге) мөлшерінде қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлемді қамтамасыз ету. Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша АӘК алушылардың арасынан 120,4 мың мектеп жасына дейінгі балаға 4,2 млрд теңге сомасында қосымша төлем тағайындалды;
жұмыспен қамту арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, өз ісін ашуға ынталы отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жолдама (қажет болған жағдайда) және т.б», — деп нақтылады 17 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Еңбек министрлігі қазақстандықтардың атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болатынын да айтып берді:
«Қазіргі таңда қазақстандықтар АӘК тағайындау үшін мансап орталығына, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне немесе электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы өтініш бере алады.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК 70,2 мың отбасынан 371,9 мың қазақстандыққа тағайындалды.