Now Reading
Елордалық мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордалық мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Елордалық мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

К.Мыңбаев атындағы № 59 мектеп-лицейінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Осыған ұқсас кабинеттер елорданың тағы бірнеше білім беру мекемелерінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

Жаңа форматтағы осындай инклюзивті сыныптар № 22 мектеп-гимназиясында, № 97 мектеп-гимназиясында, № 36 орта мектепте және Қ.Мыңбаев атындағы № 59 мектеп-лицейінде жұмыс істейді. Енді ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150-ден астам бала құрдастарымен бірге қарапайым мектептерде оқи алады.

 

Бірнеше топтан тұратын инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуына «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхамеджан Болысбек, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік фондының бас директоры Альфия Адиева қатысты.

 

Бұдан кейін ата-аналар мен балалар логопед, психология кабинеттерін аралап, қыш бұйымдарын жасау, емдік дене шынықтыру бойынша жеке бөлмелердің жұмыстарымен танысты.

 

«Бүгінгі аналар мен балалардың қуанып, жүздерінен үміт отын көріп жатырмыз. Мұнда арнайы оқытудан өткен білікті мамандар жұмыс істейді. Мақсатымыз әрбір баланың аяқтан тұрып кетуіне жағдай жасау», — дейді мектеп директоры Гүлжазира Сұлтанова.

 

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру кабинеттерінің саны 46 бірлікті құрады.

 

Кабинеттердегі мұғалімдер балалардың функционалдық бұзылыстарын жою немесе азайту, олардың мектеп ортасына интеграциялануға физикалық және әлеуметтік тұрғыдан дайын болуына көмектесу үшін жұмыс істейді. Балаларға қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар үйретіледі. Әр бала үшін жеке даму бағдарламасы жасалады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...