Now Reading
DAR University халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастарға гранттар бөлді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > DAR University халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастарға гранттар бөлді

DAR University халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастарға гранттар бөлді

DAR University халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан қазақстандық жастарды тегін оқытуға 30 грант бөлді.

 

Күзгі ағым аясында студенттер сұранысқа ие алты IT мамандығы бойынша сабақтарын бастады. Университеттер мен әкімдік лайықты үміткерлердің тізімін ұсыну арқылы талапкерлерді табуға көмектесті.

 

Іріктеу екі кезеңде өтті:

 

мотивациялық хат жазу;

 

DAR U өкілдерімен сұхбат.

 

Барлығы 101 адам хат жолдап, оның ішінде 58 үміткер сұхбатқа шақырылды. Келесі кезекте конкурстық комиссия тренингті сәтті аяқтау үшін қажетті қатысушылардың ынтасы мен әлеуетін бағалады.

 

Үміткерлер өз хаттарында сұранысқа ие мамандықты игеріп, мансап жолын тез бастағысы келетінін жиі атап өтті.

 

Көп балалы, толық емес және аз қамтылған отбасылардан шыққан жас қазақстандықтар грантқа ие болды. Сондай-ақ грант иегерлерінің тізімінде ауыл мектебінің екі түлегі бар.

 

«Біз биылғы жылы қазақстандық жастарға грант бөлу мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Елімізде тегін білім алу жаңа белестерді аша алатын дарынды балалар көп. Алдыңғы оқу ағындарының тәжірибесіне сүйене отырып, біз жаңа білім мен дағдылар түлектерімізге IT саласында табысты мансап құруға қалай көмектесетінін көреміз. Сонымен, күзгі ағым түлектерінің сұранысқа ие мамандықты игеруге және IT – де жұмыс істей отырып лайықты табыс табуға барлық мүмкіндігі бар», — деді DAR University өндірістік директоры Гүлиза Бөлекбаева.

 

Кейбір финалистер қазірдің өзінде жоғары оқу орындарында IT-мамандықтар бойынша оқиды. Олар үшін білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға және жаңа кәсіби деңгейге өтуге көмектесетін Pro деңгейіндегі бағдарламалар қарастырылған.

 

Ең танымал мамандықтар WEB және бизнес-аналитика болды, олардың әрқайсысында 9 адам оқыды. Курстар 4-6 айға созылады. Аяқтағаннан кейін студенттер MVP деңгейінде өздерінің IT жобаларын жасайды. Мамандығына қарай олар өз портфолиосында көрсете алатын практикалық тәжірибе алады. DAR U сонымен қатар өзінің мансап орталығын дамытуда, мұнда студенттер IT компанияларында сұхбаттан өтуге дайындалады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×