Now Reading
Астанада «JASTAR FEST» ауқымды жастар форумы өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада «JASTAR FEST» ауқымды жастар форумы өтеді

Астанада «JASTAR FEST» ауқымды жастар форумы өтеді

Астанада «JASTAR FEST» ауқымды жастар форумы өтеді

29 қазанда «Жастар» сарайында елордалық жастарға арналған JASTAR FEST форумы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Форумға: Нұрлан имам, елорда мәслихатының депутаттары, белгілі блогерлер Абдулла Расул мен Медет Турин, құқық қорғау органдарының өкілі және т.б. қатысады.
Іс-шараның баслайнерлері: IL’HAN, Ибрахим Ескендір, жастар орындаушысы BONAPART.
Форумның мақсаттары:
— мәдени өзіндік сананы, ұлттық құндылықтарды дамытуға ықпал ету, патриоттық сезімді тәрбиелеу;
— студенттік ортада адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделген өзара сыйластықтың дүниетанымы мен рухани-адамгершілік атмосферасын қалыптастыру;
— құмар ойындарға тәуелділіктің және девиантты мінез-құлықтың алдын алу;
— адамгершілік пен имандылық нормаларын қалыптастыру;
— тәжірибе алмасу;
— «Астана – нашақорлықсыз қала» 2024-2025 жылдарға арналған нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын қолдау, сондай-ақ жастар арасында нашақорлықтың алдын алу.
Форум 29 қазан күні сағат 15:00-де «Жастар» сарайында өтеді.

+1
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...