Now Reading
9 баланың анасы 20 жылдан астам Қазақстан азаматтығын ала алмаған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 9 баланың анасы 20 жылдан астам Қазақстан азаматтығын ала алмаған

9 баланың анасы 20 жылдан астам Қазақстан азаматтығын ала алмаған

Шымкенттік әйел 23 жылдан кейін Қазақстан азаматтығын алды, — деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ол Қазақстанға көрші елден көшіп келген.

«Наталья Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны, Ресей Федерациясының тумасы, анасымен бірге Қазақстанға сонау 1998 жылы келген. Алайда 16 жасқа толған соң құжаттарын дер кезінде ала алмаған. Тұрақты тіркеуінің болмауына байланысты Шымкент қалалық ІІБ Көші-қон қызметі «Сана сезім» үкіметтік емес ұйымымен бірлесе отырып, әйелді азаматтығы жоқ адам деп тануға көмектесті», — деп хабарлайды полиция.

Тиісті құжаттарды алғаннан кейін Наталья Қазақстан азаматы күйеуімен некесін ресми түрде тіркеді, бұл кейіннен жеңілдетілген тәртіпте азаматтық алуға өтініш беруге мүмкіндік берді.

«Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сәйкес 2024 жылы ол азаматтыққа қабылданып, жеке куілігін алған. Бүгінде Наталья күйеуімен бірге тоғыз баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана», — делінген хабарламада.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...