Now Reading
Қазақстанда балалық шақтағы мүгедектіктің артуы байқалады — Еңбек министрлігі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда балалық шақтағы мүгедектіктің артуы байқалады — Еңбек министрлігі

Қазақстанда балалық шақтағы мүгедектіктің артуы байқалады — Еңбек министрлігі

Қазақстанда балалық шақтағы мүгедектіктің артуы байқалады — Еңбек министрлігі

Қазақстанда 3 жыл ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар саны 11,4%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың құрылымында негізінен 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар басым. Балалар арасындағы ауру түрлерінің құрылымында жүйке жүйесі аурулары (26,6%), туа біткен ақаулар (25,1%), психикалық бұзылулар (22,4%) басым.
Бүгінде елімізде 732 мың мүгедектігі бар азаматтар бар немесе жалпы халықтың 3,6 пайызын құрайды.
— Оның 57 пайызы еңбек жасындағылар, 27 пайызы зейнет жасындағылар, 15 пайызы балалар. Аурулардың нозологиялық түрлерінің құрылымында 18 жастан асқандар арасында психикалық бұзылулар (18%), қан айналымы жүйесі аурулары (17,2%), барлық локализациядағы жарақаттар (13%) басым, деді С.Жакупова.
Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға шығыстар базалық және міндетті деңгейде жүзеге асырылады. Жыл сайын республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы шығыстар шамамен 22%-ға артады. Биыл олар 748,5 млрд теңгені құрады.
Бұған дейін Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғыртылып жатқаны, мемлекеттік веб-сайттар өз мазмұндарын бейімдеуге міндетті болатыны хабарланған болатын.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...