Now Reading
Қазақстанда 62 мың жетім баланың 809-ы ғана 2023 жылы баспана алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда 62 мың жетім баланың 809-ы ғана 2023 жылы баспана алды

Қазақстанда 62 мың жетім баланың 809-ы ғана 2023 жылы баспана алды

2023 жылы Қазақстандағы 62 мың жетім баланың 809-ы ғана баспаналы болды, деп хабарлады Сенат депутаты Геннадий Шиповских.

 

«Түрлі мемлекеттік бағдарламаларда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға баспана алу үшін жеңілдіктер қарастырылған. Алайда, 2022 жылы жас шегіне жеткен 61 471 баланың 852-сі ғана баспанамен қамтамасыз етілсе, 2023 жылы кезекте тұрған 62 290 баланың 809-ы ғана баспаналы болды», — деді Шиповских бейсенбіде ҚР Парламентінің жоғарғы палатасының отырысында депутаттық сауал жолдаған сөзінде.

 

Оның айтуынша, тағы бір мәселе-мектепті бітіргеннен кейін олар тәрбиешілермен қоштасады және бұдан әрі не істеу керектігін білмейді. Жетім балалардың колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуі үшін бөлінетін гранттар квотасын ұлғайту маңызды.

 

Дегенмен, шешуші мәселе – мұндай балаларды жұмыспен қамту. Бұл мәселе бойынша статистика көңіл көншітпейді. 2024 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша квота аясында небәрі 4225 адам жұмысқа орналастырылды, оның 85-і ғана жетім балалар. Сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту шараларымен 188 663 адам қамтылса, оның 1066-сы ғана жетім балалар.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...