Қазақстан есту қабілеті бұзылған жандар қоғамының Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы 115 миллион теңгені ұрлады деген күдікке ілінді.
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстандық есту қабілеті бұзылған жандар қоғамы «Шығыс» корпоративтік қорының басшысын алаяқтық әрекеттер үшін айыптауда. Ол мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі мамандарының сурдоаударма қызметтерін көрсету арқылы өзінің карточкалық шотына аудару арқылы Т115 млн сомасында бюджет қаражатын иемденді деп күдіктелуде», — делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.
Тергеу жалғасуда.