Now Reading
Түркістан облысында көп балалы отбасына тұруға жарамсыз жалға берілетін пәтер берілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Түркістан облысында көп балалы отбасына тұруға жарамсыз жалға берілетін пәтер берілді

Түркістан облысында көп балалы отбасына тұруға жарамсыз жалға берілетін пәтер берілді

Он баланың анасы осы тұруға мүмкін емес пәтердің болуына байланысты баспана кезегінен шығарылады деп қорқады.

Түркістан облысында он балалы отбасына әкімдік өмір сүруге жарамсыз үй берген. Пәтер жылытылмайды, ылғал, пәтер ішіндегі ашық сымдар балаларға қауіп төндіреді. Алайда жергілікті билік бұл пәтерден еш қиындық көріп отырған жоқ, олар тек қазандық орнатуға ғана көмек ұсынып отыр.

Бұл отбасыға жылуы, жарығы жоқ, бір ғана розеткасы жұмыс істейтін екі бөлмелі пәтер берілген. Жалғызбасты ана Елена Данкова он баласымен осындай жағдайда тұрып жатыр, балаларының ең кенжесі бір жарым жастан сәл асқан. Күйеуі қайтыс болған. Әйелге бұл пәтер үш жыл бұрын баспана кезегі келгенше уақытша бөлінген болатын. Біраз уақыт жалдамалы пәтерлерді аралауға тура келген. Бірақ енді қаражаттың жоқтығынан осында тұруға тура келіп отыр.

«Мен бұл пәтерден неге кетіп жатырмын? Өйткені балаларымның үнемі ыстығы көтеріліп жүреді. Сымдары ашық, розеткалары жоқ, Құдай сақтасын, 220 вольтқа бала қолын тығып алса, Нне болады?! Бұл жерде ылғалдылық өте жоғары, мен балаларымды суықта ұстауға қорқамын », — деді Елена Данкова.

Әйелдің айтуынша, күндіз отбасы осы үйде болады екен, кешке балаларды тарақаны жоқ, дымқылдың адам төзгісіз иісі жоқ, жылы жерде түнеу үшін әжесіне жібереді екен. Жазда Елена баспана алу кезегі жақындап қалғаны туралы хабарлама алды. Бірақ әйел жаңа пәтерді ешқашан көрмей қаламын деп қорқады.

«Олар маған: «Бірақ сен пәтер алдың ғой», — дейді көп балалы ана.

Әкімдік пәтерді тұруға жарамды деп есептеп, оны жылыту үшін қазандық орнатуға жарты миллион теңге бөлуге дайын. Жөндеу жұмыстары туралы сөз қозғалмаған.

«Ол ақшаға терезе, радиатор жасап, қазандық сатып алу үшін әлеуметтік қамсыздандыруға жүгіндік», — дейді Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Болысбек Ешімбетов.

Әкімдік тапсырылатын кезде пәтердің толық жөндеуден өткенін, бірақ жылдар өте келе апатты жағдайда қалғанын мәлімдеді. Алайда әйел тұрғын үйдің бастапқыдан тұруға жарамсыз болғанын, сол себепті әкімдікке қайта-қайта хабарласқанын айтады. Көп балалы ана тұрғын үй кезегіндегі тізіміне сай тұру үшін жалдамалы пәтер беруді сұрайды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×