Ақтаулық оқушы Әлішер Асқар теңізде адамдарды құтқаруға мүмкіндік беретін «Дабылды құтқарушы» жобасын әзірледі.
Облыстық білім басқармасы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Каспий теңізінің жағасында немесе Бурабай көлдері мен Қапшағай жағалауларында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлап жүргенін хабарлады.
Құрылғы «Төтенше жағдайдағы құтқару технологиясы» деп аталды.
«Дабылды құтқарушы» құрылғысы екі элементтен тұрады. Адамның қолына тағылатын арнайы білезік (білезіктің ішінде чип пен сенсор бар) жағадағы құтқару қайығымен тікелей байланыста жұмыс істейді.
Егер теңізде жүзіп жүрген адамның денесі кенеттен құрысып қалса және көмекке мұқтаж болса, құтқарушылар оны әрдайым ести алмайды. Төтенше жағдайда білезік түймесін бассаңыз, жағадағы құтқару қайығына сигнал жіберіледі. Құтқарушылар көмекке шақырған адамның қайда екенін бірден анықтап, көмекке барады.
Бұған дейін Астанада студенттер фестивалінің жеңімпаздары анықталған болатын. Фестивальдің мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін ашып, дарынды оқушылар мен ұжымдардың дамуына жағдай жасау.