ҚР Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 2025 жылдан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер 6,5%-ға өседі.
«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 6,5%-ға ұлғайтылсын», — делінген Үкімет жарлығында.
19 қарашада қол қойылған құжат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.