Now Reading
Атаулы әлеуметтік көмек: 403 мың адам мемлекеттік қолдау алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атаулы әлеуметтік көмек: 403 мың адам мемлекеттік қолдау алды

Атаулы әлеуметтік көмек: 403 мың адам мемлекеттік қолдау алды

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 76 мың отбасындағы 403 мың адамға тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 54,7 млрд теңге бөлінді.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты ақшалай төлемдер түрінде қолдау көрсету және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару болып табылады.

АӘК келесілерді қамтамасыз етеді:

— табысы облыстық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын азаматтарға тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек тағайындау;

— 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасы балаларына ай сайынғы қосымша ақы төлеу. Әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге). Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша АӘК алушылардың арасынан 126 мың мектеп жасына дейінгі балаға 4,5 млрд теңге сомасында қосымша төлем тағайындалды;

— жұмысқа орналастыру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, өз ісін ашуға ынталы отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жолдама беру (қажет болған жағдайда) және т.б.

Қазіргі таңда қазақстандықтар АӘК тағайындау үшін мансап орталығына, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне немесе электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы өтініш бере алады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
0
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.