Now Reading
Елордалық спортшылар Мысырда пара жүзуден екі медаль жеңіп алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордалық спортшылар Мысырда пара жүзуден екі медаль жеңіп алды

Елордалық спортшылар Мысырда пара жүзуден екі медаль жеңіп алды

Елордалық спортшылар Мысырда пара жүзуден екі медаль жеңіп алды

Мысырдың Каир қаласында өткен World Series of Paraswimming әлемдік жарысында Қазақстан намысын қорғау үшін Астана қаласынан аттанған екі спортшы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыстың алғашқы күндері елордалық параспортшылар үшін аса сәтті болды. Жастар арасында 50 метрлік еркін стильде Ерсұлтан Нәметуллаев (S9) пен 100 метрлік брасс бойынша Әли Тұрғанбеков (SB4) қола медаль жеңіп алды.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Айдар Қартпаев жарыс нәтижелеріне жоғары баға берді.

«Бұл жарыста еліміздің спортшылары жалпы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Олардың ішінде Астана қаласының спортшылары ерекше нәтиже көрсетті. Ерсұлтан Нәметуллаев 50 метрлік еркін стильде 30,00 секунд көрсетіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Бұл оның жеке жетістігі ғана емес, ел үшін үлкен мақтаныш. Сонымен қатар, Әли Тұрғанбеков 100 метрлік брасс жарысында өз нәтижесін жақсартып, Қазақстанның тағы бір рекордын жаңартты. Ол жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысу нормативін де орындады. Осындай жарыстар спортшыларымызға үлкен тәжірибе береді. Бұл – биылғы жылдың соңғы додасы, енді 2025 жылы
Сингапурда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз», — деді ол.

Айта кетейік, жарысқа әлемнің 18 елінен 90-ға жуық параспортшы қатысты. Астаналық спортшылардың бұл жетістігі – Қазақстанның параспорт саласындағы жаңа белесі.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...