Now Reading
Қазақстандағы инклюзияның жаңа стандарттары
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандағы инклюзияның жаңа стандарттары

Қазақстандағы инклюзияның жаңа стандарттары

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін 22,7 мыңнан астам нысан бейімделген.

 

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымның 22 777 объектісі толық бейімделді.

 

Қазіргі уақытта: Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, 2023-2027 жылдарға арналған «Аманат» партиясының жол картасы және мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

 

«Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы Интерактивті қолжетімділік картасына (картаға) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу жұмыстарын жүргізуді көздейді. Жыл сайын нысандардың 20 пайызы бейімделуге жатады. Мәселен, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%.

 

2024 жылдың соңына дейін республика бойынша 17 325 нысанды бейімдеу жоспарланса, өңірлер бойынша жоспар артығымен орындалып, 22 777 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

 

Осылайша, 22 777 нысанның ішінде мүгедектігі бар жандардың барлық санаттары үшін мыналар қолжетімді.

 

денсаулық сақтау нысандары – 3 385;

 

білім беру нысандары – 7577;

 

мәдениет объектілері – 1819;

 

сауда және қызмет көрсету объектілері – 3 943;

 

мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 3 367;

 

спорт нысандары – 397;

 

көлік инфрақұрылымының объектілері – 108;

 

әлеуметтік қорғау объектілері – 140;

 

қоғамдық тамақтандыру ұйымдары – 529;

 

ойын-сауық және демалыс орындары – 74;

 

басқалары – 1438.

 

«Жыл сайын мүгедектігі бар жандардың қолжетімділігі жақсарып келеді. Мен жылжымайтын мүлік иелері мен кәсіпкерлердің ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген түсінігі мен жауапкершілігіне өте қуаныштымын. Байқағаным, Астанадағы жаңа нысандар қазірдің өзінде барлық санаттағы мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімді: пандустар, баспалдақтардағы тұтқалар, тактильді құралдар, лифтілер бар. Бұрын жұмыс істеп тұрған нысандар да тұтынушыға бағытталған және бізге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мысалы, 2024 жылы MEGA Silk Way сауда орталығы жөндеуден өтті, бұрын кіру мүмкіндігі шектеулі болса, қазір мүгедектігі бар адамдар сауда орталығына, тіпті екінші қабатқа да бара алады. Жалпы, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде жұмыс тиісті деңгейде жүргізіледі деп санаймын».

 

Бірінші топтағы мүгедектігі бар Дастан Раушанбеков

 

Бұдан басқа, 2024 жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өңірлік департаменттері мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 2 695 тексеру жүргізді.

 

Оның ішінде: 741 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 751-жоспардан тыс тексеру, 1203-прокуратура органдарының талабы бойынша.

 

Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1087 ұйғарым шығарылып, жалпы сомасы 230,3 миллион теңгеден астам 973 әкімшілік айыппұл салынды.

 

Профилактикалық бақылауды жүргізу кезінде нысандардың иелеріне әкімшілік жауапкершілікке тартылмай, бастапқы анықталған кезде бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым ғана берілетінін атап өткен жөн. Бұйрықты белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда айыппұл салынады.

 

0
Tags :
No More Posts