Now Reading
«Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша екінші төлем: ақшаның есептелуін қашан және қайда тексеруге болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша екінші төлем: ақшаның есептелуін қашан және қайда тексеруге болады

«Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша екінші төлем: ақшаның есептелуін қашан және қайда тексеруге болады

Есептеу туралы ақпаратты eGov порталынан, kids.enpf.kz сайтынан және банктік қосымшалардан ала аласыз.

 

«Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша төлемдер туралы ақпарат 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап eGov.kz порталында және eGov мобильді қосымшасында көрсетіледі.

 

Баланың бағдарламаға қатысуы және есептелген сомалар туралы ақпаратты баланың ЖСН-ін көрсете отырып, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан білуге болады. Онда сіз сондай-ақ бағдарламаның шарттарын оқып, нұсқаулар мен сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.

 

Балаға есептелген қаражат туралы мәліметтерді eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен және Halyk және Kaspi.kz қосымшаларынан көруге болады 2025 жылы балалардың шотына 129,38 доллар түскен. Жастар жинақталған соманы 18 жасқа толғанда пайдалана алады. Жинақ ақша қаражаты уәкілетті операторлардың («Отбасы Банк» және «Халық Банк») өтініші арқылы өтініш бергеннен кейін ЭҮПҚ-дағы шоттарға аударылады, алушылар оларды тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) білім беру қызметтерін төлеуге пайдалана алады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...