«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері кезекті акция өткізіп, зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты.
«Таза Қазақстан» және «Игі істер марафоны» акциясы аясында «Астана жастары» еріктілері астаналық қарттардың аулаларын қар мен мұздан тазартуды жалғастыруда.
10-ға жуық ерікті елордалық Сарыарқа ауданының тұрғынына үйіне іргелес жатқан аумақты жуырдағы боран мен жауған қардан кейін жиналған қардан тазалауға көмектесті.
Еріктілер қала тұрғындарын бір-біріне көмектесуге, игі істерде жарысуға шақырды.
«Біз жалғызбасты зейнеткерге барып, ауласындағы қарды тазалауға көмектестік. Біздің еріктілер физикалық күш салуды қажет ететін үй шаруасында қарт адамдарға апта сайын көмек көрсетеді. Біз өзіміз арқылы елорданың басқа тұрғындарын игі істерге баулып, барынша көп адам бір-бірін қолдайтынына сенеміз», — дейді «Астана жастары» МКК еріктісі Индира Маремова.