Now Reading
Мүгедектікті белгілеу: 8,5 мың өтінім сырттай қаралды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектікті белгілеу: 8,5 мың өтінім сырттай қаралды

Мүгедектікті белгілеу: 8,5 мың өтінім сырттай қаралды

Мүгедектік тобын құру бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қашықтан форматтағы пилоттық жобасын іске асыру аясында 2025 жылдың басынан бері Қазақстанның барлық өңірлерінен 8,5 мыңнан астам өтініш қаралды. Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.

 

2024 жылы сырттай форматта 96,9 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4% -. құрайды.

 

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.

 

Осы бұйрықты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде медициналық-әлеуметтік сараптаманың қашықтан форматы (бұдан әрі – МӘС) бойынша пилоттық жобаны іске асыруда.

 

Мүгедектік тобын анықтау қызметін алу үшін өтініш берушіге тек өзінің тұрғылықты жері бойынша емханаға хабарласып, қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді біріктіру есебінен оның қатысуынсыз өтеді;

 

Сырттай куәландыруға көшу:

 

— әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

 

— МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

 

— мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;

 

— көрсетілетін қызметті алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланысты болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...