Қазақстандық Ербол Хамитов парабиатлоннан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Ербол Хамитов парабиатлоннан әлем чемпионы атанды. Ол 12,5 шақырымдық жеке жарыста Канада мен Америкадан келген қарсыластарын басып озып, жеңіске жетті.
Жарыстың бірінші күні параспортшымыз 7,5 шақырымдық спринтте 20:55 нәтижемен қола жүлдегер атанды
Әлем чемпионаты Словенияның Поклюка қаласында өтіп жатыр.
Ербол Хамитов, парабиатлоннан әлем чемпионы:
– Отбасым мен достарыма үлкен қолдау көрсеткені үшін бүкіл Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Қолдауларыңызға рахмет, бізді әлі талай жарыстар, көптеген жеңістер күтіп тұр. Алға, Қазақстан!
0