Now Reading
400-ден астам шымкенттік тұрғындар кәсіпкерлікті дамыту үшін өтеусіз грант алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 400-ден астам шымкенттік тұрғындар кәсіпкерлікті дамыту үшін өтеусіз грант алды

400-ден астам шымкенттік тұрғындар кәсіпкерлікті дамыту үшін өтеусіз грант алды

400-ден астам шымкенттік тұрғындар кәсіпкерлікті дамыту үшін өтеусіз грант алды

Шымкенттің 400-ден астам тұрғыны гранттың арқасында өз кәсіптерін ашты. Мемлекеттік қолдаудың бұл түрі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға көрсетіледі. Алынған қаражатқа кәсіпкерлер қажетті құрал-жабдықтар мен техникаларды сатып алуда.
Грант – сіздің бизнес идеяңызды жүзеге асырудың тамаша тәсілі. Жұлдыз Бураева осылай ойлайды. Көп балалы ана гипс бұйымдарын, түрлі хош иісті майлар мен сабындар жасайды. Оларды жасау өнерін өз бетімен үйренгенін айтады. Өз хоббиін табыс көзіне айналдыруды ұйғарған ол грантқа құжат тапсырған.
Жұлдыз Бураева, кәсіпкер:
— Алған қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Өнім шығаруға екі ай жұмсадым. Жаңа жылдан бастап өнімді сата бастадым. Қазір жұмыс істегісі келетіндердің барлығына мүмкіндіктер бар. Ең бастысы — тілек. Жаңадан бастаған кәсіпкер нәтижеге риза. Шағын дүкен ашуды жоспарлап, мемлекеттің қолдауын пайдалануды көздеп отыр.
Қалалық мансап орталығының маманы Гүлвира Даужанованың айтуынша, тегін грант алғысы келетіндер көп.
Гүлвира Даужанова, мансап орталығының маманы:
— Өткен жылы грант алу конкурсына 2456 адам қатысты. 438 өтініш қанағаттандырылды. Өндіріс және қызмет көрсету салаларындағы бизнес-идеяларға басымдық беріледі. Грант алушылар қатарында көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған азаматтар бар. Биылғы жылы өтініштер сәуір айынан бастап қабылданады. Үздік бизнес-жоспар авторлары 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни бір жарым миллион теңгеден астам грант алады.

0
Tags :
No More Posts