Now Reading
Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда көп балалы отбасылардың қандай жәрдемақы алатынын айтты.
«Бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа толмаған студенттері бар көп балалы отбасылар жәрдемақы алуға өтініш бере алады», — деп хабарлады ведомство.
Төлемдер сомасы:
4 балаға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
8 және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға 15 728 теңге.
«Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1-ші және 2-ші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады», — деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ай сайын төленетін сома:
«Күміс алқа» алқасымен марапатталғандар – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
«Алтын алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...