Now Reading
Қызылордада «Инклюзивті қоғам» жобасы жүзеге асырылуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қызылордада «Инклюзивті қоғам» жобасы жүзеге асырылуда

Қызылордада «Инклюзивті қоғам» жобасы жүзеге асырылуда

Қызылордада «Инклюзивті қоғам» әлеуметтік жобасы ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен қолға алынған бұл идея мүгедектігі бар жандардың тегін курстардан өтіп, жұмысқа орналасуына септігін тигізеді.

 

«Инклюзивті қоғам» жобасы іске қосылғалы бері 30 мүгедектігі бар қызылордалық шығармашылық мамандықтар бойынша сертификат алды. Олардың арасында 22 жастағы Мөлдір Маханбетова да бар. Бойжеткен компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, қазір графикалық контент жасаумен айналысады.

 

Мөлдір Маханбетова, Қызылорда қаласының тұрғыны:

 

«Мен бұрын да осы салада қажетті білім алуға тырыстым, бірақ ол жеткіліксіз болды. Осы жоба аясында жасанды интеллект бойынша курстарды бітіріп, сертификат алдым. Қазір өзім ұнататын іспен айналысамын, графикалық дизайнер болып жұмыс істеймін. Жобаның басқа қатысушылары да графикалық веб-дизайн, жасанды интеллект және этникалық өнер бойынша тегін курстардан өте алды. Олардың көпшілігі тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді, дейді бастамашылар.

 

Зейнар Тәжиева, «Ақ босаға» ҚБ төрайымы:

 

— Осы күнге дейін 10 адамды жұмысқа орналастырдық. Оның бесеуі жеке кәсібін ашты. Жобаға қатысушылардың арасында ауылдық округтің жастары да бар. Оларды облыстық мүгедектігі бар жандар қоғамы жұмысқа алған.

 

Мейіржан Жәнібеков, Қызылорда қаласының тұрғыны:

 

— Біз сияқты ерекше қажеттіліктері бар адамдар қоғамға жиі жүгінеді. Біз оларға шипажайға жолдама немесе техникалық құралдарға өтініш алуға көмектесеміз. Жұмыс қиын емес, бастысы тұрақты. Жоба өз тиімділігін дәлелдеді дейді мамандар. Ол ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін өзін-өзі жүзеге асырудың жаңа перспективаларын ашады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...