Қазақстан инклюзивті білім беруді нығайтады
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету стандарты әзірленді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және инклюзивті және арнайы білім беруді жүйелі түрде нығайту аясында Қазақстан Республикасы Білім министрлігі «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Құжат арнайы білім берудің шарттарына, сапасына және мазмұнына қойылатын бірыңғай ең төменгі талаптарды айқындайды, сондай-ақ осындай қолдау көрсетуге жауапты ұйымдар мен мамандар шеңберін көрсетеді. Алғаш рет мемлекеттік деңгейде білім берудің барлық деңгейінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың жүйелі тәсілі жолға қойылуда.
«Бұйрық жобасы балалардың барлық санаттары үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болады. Қазіргі уақытта мұндай балалар мен олардың отбасыларына ведомствоаралық қолдау көрсетудің институционалдық және құқықтық тетіктерін қамтитын «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кешенді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленуде», — деді Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
Еске салайық, өткен жылы министрлік инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық базаға кешенді талдау жүргізген болатын.
Нәтижесінде 15 нормативтік құқықтық акт бекітіліп, психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің үш деңгейлі моделі – туғаннан бастап мамандық алғанға дейін енгізілді, қолдау кабинеттеріне жаңа талаптар белгіленді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің жеке бағдарламалары әзірленді, жаңа лауазымдар енгізілді: педагог-көмекші, арнайы педагог және жеке көмекші.
2024 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 230 мыңнан асты.