Now Reading
Мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық бірлестіктерінен сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің тізімі жаңартылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық бірлестіктерінен сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің тізімі жаңартылды

Мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық бірлестіктерінен сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің тізімі жаңартылды

Еңбек министрлігінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі бұйрығымен мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық бірлестіктерінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізілді. Осылайша Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық бiрлестiктерiнен немесе мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарларды өндiретiн немесе жеткiзетiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететiн ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерiнiң тізбесі жаңа редакцияда жазылды. Атап айтқанда, тізімге келесі өнімдер кіреді: • төсек-орынның барлық түрлері • көрпе, матрас, төсек жапқыш, жастық • сүлгілер, майлықтар, жаялықтар, жастық қаптары, матрастар • курткалар, шалбарлар, жилеттер • әскери қызметшілерге арналған камуфляж түсті жазғы/оқшауланған далалық костюм (куртка мен шалбардан тұрады) • дәнекерлеуші костюмі • аккумуляторға арналған костюм • жалпы өндірістік ластанудан қорғауға арналған ерлер костюмі • аспаз, наубайшы костюмдері • әртүрлі халаттар мен қалпақ • әртүрлі алжапқыштар, сигналдық кеудеше • ерлерге/әйелдерге арналған санитарлық киім жиынтығы (хирургиялық шалбар, хирургиялық көйлек) • пижамалар • әртүрлі үлгідегі жейделер мен блузкалар • іш киім • орамалдар, қолғаптар • перделер, әртүрлі сөмкелер • көшеттер • жиһаз Орындалатын жұмыстар: • мүгедектігі бар азаматтарға арналған көлік құралдарын жөндеу • жиһаз өндірісі • аумақты жөндеу/абаттандыру Көрсетілетін қызметтер: • мүгедектігі бар азаматтар көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету; • курорттық емдеу/емдік демалыс қызметтері; • үй-жайлар мен аумақтарды жинау, тазалау қызметтері; • баспа өнімдерін өндіру/басып шығару бойынша полиграфиялық қызметтер (кітаптарды, фотосуреттерді, мерзімді басылымдарды қоспағанда); • кір жуу қызметтері; • жасыл алқаптарды суару қызметтері; • өсімдіктерді күту қызметтері (отырғызу/қайта отырғызу/өңдеу/ жақсарту/сыртқы келбетін күту және т.б.); • жиһазды қаптау қызметтері. Бұйрық 2025 жылдың 21 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...