Қарағандылықтарға мүгедектігі бар жандармен тіл табысу этикасы оқытылады

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас этикасы бойынша арнайы курстар ашылады. Қарағандыда барлық қызығушылық танытқандар үшін қала тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы қарым-қатынас курсы ашылып жатыр.
Студенттер ерекше қажеттіліктері бар адамдарға олардың сезімін ренжітпей, әдептілікпен сөйлесуді және көмектесуді үйренеді.
Курстың ашылғанын «Ten Qogam» мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік бейімдеу орталығының жетекшісі Нияз Сүндіталиев мәлімдеді.
Курсты құру туралы шешім «Ten Qogam» мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік бейімдеу орталығының бастамасымен қабылданды. Сабақтарды осы орталықтың мамандары жүргізеді. Курстың негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдармен әдепті қарым-қатынасқа үйрету.
– Мұндағы кейбір адамдар, мысалы, мүгедектік арбасына таңылған адамға көмектескісі келіп, бірден итеріп, арбаны, қол тіректерін, т.б. ұстап алады. Бірақ арба – бұл жай ғана көлік емес, адамның ажырамас бөлігі, қажеттілік. Сондықтан, ең дұрысы: «Сізге көмек керек пе?» деп сұрау. Егер адамға бұл шынымен қажет болса, ол сізге: «Иә, сіз мені сәл итере аласыз ба?» — дейді. – дейді Нияз Сүндіталиев.
Курс бір жарым сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде студенттер тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті бұзылған, психикалық бұзылыстары бар адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау мәселелерін талқылайды.
Курстарды тоқсанына бір рет өткізу жоспарлануда. Тыңдағаннан кейін сіз enbek.kz сайтында қосымша онлайн тренингтен өтіп, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен этикалық қарым-қатынас жасау курсын бітіргеніңіз туралы сертификат ала аласыз.
Келесі тренинг 21 сәуір күні сағат 15:00-де Тәттімбет көш., 709, «Ten Qogam» мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік бейімдеу орталығы негізінде өтеді. Сабақ тегін болады. Қатысқысы келетіндер алдын ала тіркелулерін сұраймыз. Телефон: +7-777-540-44-94.
0