Now Reading
Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 30 қыркүйекте «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» және «Жұмыссыздарды тіркеу» мемлекеттік қызметтерін көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бұйрыққа қол қойды.

Сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілді.

Жобаға сәйкес, жұмыс іздеп жүрген адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына немесе «Электрондық еңбек биржасы» (ЭЕБ) арқылы жүгінеді.

Ұсынылған құжаттар мен оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығы тексерілгеннен кейін «Еңбек нарығы» АЖО автоматты түрде немесе мансап орталығы құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркейді.

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгеннен кейін оған жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.

Электрондық еңбек биржасы тіркелген күннен бастап 13 күнтізбелік күн ішінде бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктейді.

Мансап орталығы жұмыс іздеп жүрген адам тіркелген күннен бастап 13 күнтізбелік күн ішінде оған лайықты жұмыс табуға жәрдемдеседі.

Егер 13 күнтізбелік күн өткеннен кейін жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналаспаса, ол жұмыссыз ретінде автоматты түрде тіркеледі.

Мансап орталығынан лайықты жұмыс орындары туралы ұсыныстар алған кезде жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз адам үш жұмыс күні ішінде мансап орталығына жеке өзі, цифрлық технологиялар немесе телефон арқылы ұсынылған жұмысқа келісетінін не одан бас тартатынын хабарлауға тиіс.

Мансап орталығы «Еңбек нарығы» АЖО арқылы тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссыз адамды мынадай жағдайларда есептен шығарады:

• мансап орталығы ұсынған лайықты жұмыс нұсқаларының үшеуінен бас тартқан немесе ұсынылған жұмыс нұсқаларына келісетіні не одан бас тартатыны туралы мансап орталығына, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар үшін кент, ауыл немесе ауылдық округ әкіміне уақтылы хабарламаған жағдайда;

• жұмыссыз адамның дәлелді себептерсіз:

 • мансап орталығы жұмысқа орналастыру немесе оқыту орнын хабарлаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сол жерге бармауы;

 • мансап орталығының шақыруы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш жұмыс күні ішінде келмеуі;

• жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетінше тоқтатуы;

• дәлелді себептерсіз мансап орталығына бару немесе хабарлау мерзімдерін бұзуы;

• заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталуы немесе мәжбүрлеп емдеуге жіберілуі;

• өзімен одан әрі жұмыс жүргізуге әсер ететін мән-жайлар туралы мансап орталығына бес жұмыс күні ішінде уақтылы хабарламауы. Оларға мыналар жатады:

 • тұрғылықты жерінің өзгеруі;

 • тұрақты немесе уақытша жұмысқа, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуы;

 • кәсіпкерлік қызметпен айналысуы;

 • ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, оның құрылтайшысы немесе тең құрылтайшысы болуы;

 • мүгедектіктің тобының белгіленуі немесе өзгеруі;

 • зейнетақы төлемдерінің тағайындалуы;

• көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттарды ұсынуы.

Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелетін әрі есептен шығарылатын адамдар бұл тәртіптен ерекшелік болып табылады.

Есептен шығарылған жұмыссыздар мансап орталығында жұмыссыз ретінде қайта тіркеле алады. Алайда қайта тіркелу үшін есептен шығарылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өтуі қажет.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×