Қазақстан Республикасында III тоқсанда атаулы жалақының орташа мәні 299 782 теңгені құрады, деп хабарлайды NewTimes.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
⠀
2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 23%-ды, нақты мәнде – 5,8%-ды құрады. ІІІ тоқсандағы бағалау бойынша жалақының медианалық мәні 189 018 теңгені құрады.
⠀
Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова түсіндіргендей, 3-тоқсанда жалақы деңгейі әдетте алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда төмендейді. Бұл үрдіс жыл сайын байқалады және екінші тоқсанға түсетін маусымдыққа (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыс) байланысты.
⠀
«Екінші тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9 пайыздық тармаққа төмендеді (2021 жылдың үшінші тоқсанында төмендеу 3,1 пайыздық тармақты құрады). Мұндай өзгерістер жыл сайын байқалады. Орташа жалақыны есептеу кезінде табыс салығы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар сияқты төлемдердің барлық түрлері ескеріледі», – дейді Наталья Белоносова.
⠀
Жалақының өсуі экономикалық қызметтің барлық негізгі түрлері бойынша байқалады. 2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда құрылыс – 34,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 31,3%, көлік және қоймалау салаларында – 31,1% ең жоғары өсім тіркелді, ең төмен өсім өзге қызмет түрлерін көрсетуде – 5,5%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 8,9%.
⠀
Өңірлік тұрғыда ең үлкен өсім Ұлытау облысында тіркелді – 39,0%. Ең аз өсім Астанада байқалды – 15,1%.
⠀
Айтпақшы, Қазақстанда ІІ тоқсанда орташа айлық жалақы 312 011 теңгені құрады.