Александрия қаласында парадзюдодан Әлемдік Гран-при сериясында қазақстандық спортшылар жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА «Мүмкіндігі шектеулі жандарды спорттық даярлау орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлер арасындағы бәсекеде Олжас Оразалыұлы (73 келі J2) мен Ерлан Өтепов (+90 келі J1) күміс жүлдегерлер, Ерғали Шәмей (73 келі J1), Жанбота Аманжол (90 келі J2) және Ерлан Қоңкиев (+90 келі J2) қола жүлдегерлер атанды. Әйелдер арасында Даяна Федосова (57 келі J2) күміс жүлдегер атанды.
13-14 наурыз аралығында Египетте парадзюдодан әлемдік Гран-при сериясы өтті. Гран-приге әлемнің 30 елінен 160-тан астам спортшы қатысты.